RU
ШҚО-да 50 жастағы адам келіншекті алдап үйіне апарып, зорлап тастаған
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да 50 жастағы адам келіншекті алдап үйіне апарып, зорлап тастаған

Рассказать Вконтакте

3 желтоқсан күні кешке патрульдік топтың бастығы, аға сержант Дулат Тұрымовқа өскемендік келіншек белгісіз азаматтың Космический көшесінде орналасқан пәтерге алдап әкелгенін, артынша ұрып-соғып, зорлағанын айтып, шағым түсірген. Бұл туралы Алтайньюске сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі

Фото: Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі
Source: Facebook

Патруль тобының бастығы бұл оқиғаны Өскемен қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығына хабарлап, іздеу шараларына бірден кіріскен.

"Космический көшесіндегі №5 үй алаңында 50 жас шамасындағы азамат ұсталды. Өйткені, оның жүзі зорлық көрсеткен адамның түр-келбетіне сәйкес келді.

Құжат тексеріп жатқанда ұсталған азамат өзін күмәнді ұстап, қарсылық танытты. Ал күдіктіге мән-жайды анықтау үшін полицейлермен жүру қажеттігін айтқанда ол үйлердің арасымен қаша бастады.

Осы сәтте әскери қызметкерлер жылдам іске кірісті. Кинология қызметінің нұсқаушысы, сержант Мади Тақиев Сэм атты қызметтегі төбетке қаскүнемді ұстауды бұйырды", -деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Ведомство баспасөз қызметі бастығының ақпараты бойынша, жәбірленуші ұсталған адамның зорлағанын растаған.

Қазір күдікті Өскемен қаласының Үлбі полиция бөліміне жеткізілді. Аталған жағдай Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 1-бөлімі, "зорлау" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
4
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel