RU
Атырауда өзімен сөзге келген тұрғынды теуіп өлтірген жігіт 8 жылға сотталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда өзімен сөзге келген тұрғынды теуіп өлтірген жігіт 8 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Атыраудағы №2 қалалық соты қала тұрғынан басынан теуіп өлтірген күдіктіге қатысты үкім шығарды. Кінәлі деп танылаған азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды деп жазады Ақ Жайық газеті.

Жәбірленуші басынан теуіп өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Жәбірленуші басынан теуіп өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты
Source: Facebook

Бұл оқыс оқиға көктемде болыпты.

Қаланың екі тұрғыны сөзге келіспей, жанжалдың соңы төбелеске ұласқан.Нәтижесінде, Б. есімді азамат қарсыласының басынан аяусыз теуіп тастапты.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде тілге келмей қайтыс болған.

Ал күдікті сол мезетте ізін суытып, тайып тұрған. Полицейлер оны біршама уақыттан соң Қазақстанның басқа өңірінен ұстады.

№2 соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікті азамат тергеу кезінде тағылған айыпты мойындамаған, ол тек қорғану үшін тепкенін айтқан. Десек те, сотта тергелген іс материалдары күдіктінің кінәлі екенін анықтапты.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 3 тармағы («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ марқұмның отбасына 3 миллион теңгеге жуық моральдық шығын өндіріп беруі тиіс.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel