RU
Корольдік "Реал" клубы «Алтын доп» жеңіп алудан көш бастады
Жаңалықтар Спорт

Корольдік "Реал" клубы «Алтын доп» жеңіп алудан көш бастады

Рассказать Вконтакте

«Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич 2018 жылғы «Алтын доп» жүлдесінің иегері атанды. Нәтижесінде Испанияның корольдік клубы аталған марапатты жеңіп алған 7 ойыншысы бар алғашқы құрама болды деп хабарлайды Sports.ru.

Реал Мадрид ойыншылары

"Реал Мадрид" ойыншылары. Фото: sports.ru

Хорваттық ойыншы «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Атлетиконың» шабуылшысы Антуан Гризманды артқа қалдырды.

Модрич – аталған жүлдені жеңіп алған «Реал» тарихындағы 7-ші ойыншы. Оған дейін, Альфредо ди Стефано (1957, 1959), Раймон Копа (1958), Луиш Фигу (2000), Роналдо (2002), Фабио Каннаваро (2006) және Криштиану Роналду (2013, 2014, 2016, 2017) «Алтын доп» жүлдесімен марапатталған.

Еске сала кетсек, корольдік клуб 6 ойыншысы «Алтын допты» иеленген «Барселона», «Ювентус» және «Милан» сынды ұлы клубтарды артқа қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel