RU

Назарбаев пен Путин телефон арқылы маңызды істерді талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

аааарр
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. Фото/архив: Ақорда: UGC

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766846-nazarbaev-pen-putin-telefon-arkyly-mayzdy-isterdi-talkylady.html