RU
Ақтауда Toyota жүргізушісі әйел адамды қағып, 15 метрге ұшырып жіберген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтауда Toyota жүргізушісі әйел адамды қағып, 15 метрге ұшырып жіберген

Рассказать Вконтакте

Бұгін, 4 қыркүйек күні Ақтауда жол апаты болды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, Toyota Carolla жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағын жібермеген деп хабарлайды inAktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

жаяу жүргіншілер жолағы

Оқиға сағат 08:00 шамасында орын алған.

Куәгерлердің айтуы бойынша, 44 жастағы әйел жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болыпты.

"Көлік жүргізушісі жылдамдықты азайтқан жоқ. Қатты жылдамдықтың болғаны сонша, әйел адам жаяу жүргіншілер жолағынан 15 метрге ұшып кетті. Соққы бастан болған сияқты, оның бас сүйегі ашылып жатты", - дейді куәгерлер.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, жәбірленуші жабық бас миының жарақатын алып нейрохирургия бөліміне жеткізілген.

Көлік жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабы (Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi қорғау мен пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі автотұраққа қойылған.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel