RU

"Мен үшін №1": Қайрат Нұртасты мақтаған Жорабаева елге жақпай қалды (видео)

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында Қайрат Нұртасты мақтаймын деп желідегілерден сөз естіп қалды деп жазады NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас. Фото:iKaz.kz,vkmusic.kz
Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас. Фото:iKaz.kz,vkmusic.kz: Instagram
Ол өз жазбасында: "Керемет концерт. Алла тіл-көзден сақтасын. Қайрат Нұртас мен үшін №1", - деп хитменге мақтау жаудырған.

Алайда бұл жазбаны көрген желі қолданушылары өздерінің ашуланып қалғанын жасырмады.

"Мынауыңыз дұрыс емес", "Қазақстанда қанша әнші бар", "Неге Димашты осылай айтпайсыз?", "Димаштың "Жыл әні" жобасында айтқан әнінен соң барлық әншілер ұялуы керек қой".

"Қайрат Нұртас сіздің анаңызға гүл шоғын бергені үшін осылай жаздыңыз ба?", "Қазақстанда №1 әнші ол Димаш қой", "Қайрат Нұртас аман болсын. Бірақ бұлай №1 деп салыстырудың керегі жоқ еді", - деп жазды көпшілік.

Сондай-ақ, пікір жазушылар арасында Қайрат Нұртас пен Димаш Құлдайбергеннің өз ерекшеліктері барын айтқандар да табылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766862-men-sin-no1-kajrat-nrtasty-maktagan-zorabaeva-elge-zakpaj-kaldy-video.html