RU
Алматыда 34 жастағы әйел сегіз баласымен контейнерде өмір сүріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 34 жастағы әйел сегіз баласымен контейнерде өмір сүріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматының Әйгерім ықшам ауданында 34 жастағы әйел сегіз баласымен екі бөлмелі темір контейнерді күнелтуде деп жазады KYN.KZ-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: KYN.KZ

Фото: KYN.KZ

Гүлзат Берікқызы "Алтын" және "Күміс" алқаның иесі. Осы марапаты үшін мемлекеттен айына 14,500 теңге алады екен. Ал мына темір баспананы айына 25 мың теңгеге жалдап отыр.

"Сегіз балам бар. Күйеуім үш жыл бұрын басқа әйелге кетті. Арасында келіп кіші балаларға қарап тұрады. Екеуіміздің құдай берген төрт қыз, төрт ұлымыз бар.

Үлкенім 13 жаста. Ал ең кенжем 1,5 жаста. Бірақ күйеуім келіп, балаларға алиментін төлеп тұрады. Бұйыртса түбі онымен қосыламын деп отырмын.

Бір рет қосылғанымда, арамызға түскен әйелдің үйіне қайта кетіп қалғаны намысыма тиеді. Сондықтан, ресми қосылуға намысым жібермей жүр.

Ересек төрт балам мектепте оқиды. Қалған төртеуі үйде", - деген келіншек айына 60 мың теңге жалақыға күзетші болып жұмыс істейтінін айтып берді.
Фото: KYN.KZ

Фото: KYN.KZ

Сондай-ақ, Гүлзат Берікқызы өзгеден көмек сұрауға намысы жібермейтінін де жасырмады.

"Негізінен алақан жайып, елден ақша сұрауға ұяламын. Намысым жібермейді. Бірақ енді көмек қолын созамын деушілер болса затын, ақшасын ала беремін. Себебі маған расымен өз табысым мен балалардың әкесі берген ақша кейде жетпей қалады. Өткен апта үш күн көмірсіз отырдым. Балалар мұздап қалды. Темір үйді білесіз. От жақса қатты ысиды. Таңға жуық тез суып кететіні бар", - дейді сегіз баланың анасы.
Фото: KYN.KZ

Фото: KYN.KZ

Көпбалалы ана мұндай қиындығы мен күйеуінен ажырасқанын тіпті әке-шешесіне де айтпаған. Келіншек бұл қиындықтардың бәрінен өтіп кететініне сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
26
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel