RU
Бесінші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бесінші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін маңызды шешім қабылдауға болмайды. Күнделікті шаруалармен айналысқан дұрыс. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ бесінші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото:fakty.ua
Source: Facebook

1. Тоқты

Бүгін қаржы істерінде жолыңыз болады. Коммерциялық келісім жасап немесе үлкен бір нәрсе сатып алатын болсаңыз, олардың бәрі сәтті өтеді. Бірақ бұл ақшаны оңды-солды шашуға болады деген сөз емес. Керісінше, көп ақша жұмсамаған дұрыс.

2. Торпақ

Бүгін көңіл күйіңіз тез өзгереді, сондықтан бұған мән бермеген дұрыс. Негізі бүгін өзіңізді ойлап, іс-әрекеттеріңізге есеп берудің қажеті жоқ. Одан да көптен бері орындай алмай жүрген шаруаларды аяқтаңыз.

3. Егіздер

Бүгінгі күнді әртүрлі тақырыптарда әңгімелесуге арнаңыз. Ең бастысы менмендік танытпаңыз, себебі айналаңыздағы адамдар мұны бірден сезіп қояды. Сөйтіп, әңгіменің соңы ұрысқа ұласуы мүкін.

4. Шаян

Бүгін сіз үшін өте қолайлы күн. Сізге ештеңе істеудің қажеті жоқ. Күнделікті міндеттеріңізді шегеріп қоятын мүмкіндік болмаса, жай ғана осы күннің барлық сыйларын ризашылықпен қабыл алыңыз.

5. Арыстан

Бүгін бірнеше тамаша идея туындауы мүмкін. Оларды міндетті түрде қағазға жазып алыңыз, себебі болашақта қажет болады. Сонымен қатар, болашақта өте пайдалы болатын таныстық болуы ықтимал. Сондықтан өте байқампаз болып, мүмкіндіктеріңізді қалт жіберіп алмаңыз.

6. Бикеш

Бүгінгі күннің барлық оқиғаларына өзіңіз жауапты боласыз. Маңызды шешім қабылдағанда сабырлы болыңыз. Жақындарыңызбен ақылдасып, олардан кеңес алғаныңыз да артық болмайды. Сонымен қатар бұл қарым-қатынастарыңызды нығайтады.

7. Таразы

Бүгін қажетті жерде, қажетті уақытта боласыз. Романтикалық кездесулер болмаса да, іскерлік пен достық қарым-қатынасқа ұласатын кездесулер мүмкіндігі жоғары. Ол үшін көп күш салудың да қажеті жоқ. Жай ғана адамды мұқият тыңдап, жымиып отырсаңыз болды.

8. Сарышаян

Бүгін үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн. Үйді тазалап, үйге қажетті зат сатып алып, гүл егіп немесе жөндеу жұмыстарын бастауыңызға болады. Күні бойы жұмыста болсаңыз да, кешкісін келіп үй жинағаныңыз абзал.

9. Мерген

Бүгін қажетті істен басқаның бәрін істегіңіз келеді. Бәлкім, шаршағандығыңыз негізгі шаруаңызды аяқтауға кедергі келтіріп, орыннан қозғалтпай тұр. Дегенмен басшылығыңыз мұны байқамайды, сондықтан уайымдамаңыз.

10. Тауешкі

Бүгін көңіл көтеріп, шудың ортасында болғыңыз келеді. Сондықтан кешке театрға, киноға немесе мейрамханаға барыңыз. Тіпті достарыңызды қонаққа шақыруыңызға болады. Жұмыс аптасының ортасында демалу мен көңіл көтеруге уақыт бөлген жөн.

11. Суқұйғыш

Бүгін өзіңізге сенімсіз боласыз. Кей мәселеде мүлде сенімсіз болып, қажетті ақпаратты ала алмайсыз. Бұл біліксіздігіңізді көрсетпейді, жай ғана бүгін ынтаңызды сәл басу керек.

12. Балықтар

Бүгін көптеген жағымды кездесулер мен пайдалы таныстықтар болады. Түйсігіңізге сенім артып, жүрек қалауын істеңіз. Бүгін міндетті түрде жолыңыз болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel