RU
Алғаш рет "Теңізшевройл"-дың бас директоры болып әйел адам тағайындалды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алғаш рет "Теңізшевройл"-дың бас директоры болып әйел адам тағайындалды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Теңізшевройл" ЖШС жаңа бас директоры тағайындалды. Бұрын өндіріс бөлімінің бас менеджері болған Имер Боннер енді компанияны басқарады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: chevron.com

Фото: chevron.com
Source: UGC

Мекемедегі ауыс-түйіс 1 желтоқсанда болған. "Теңізшевройл" ЖШС-нің бас директоры Тед Этчисон Шеврон корпорациясындағы 38 жылдық еңбек өтілінен кейін зейнетке шыққан.

Елімізде 8 жылдай жұмыс істеген Тед Индонезия, Нигерия, Қазақстан және АҚШ-тың түрлі бизнес бөлімшелерінде жобалау, өндіріс, басқару салаларында әр алуан басшылық қызметтерді атқарыпты.

Ал Имер Боннер Белфасттағы Квинс университетінде химия инженері мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Кейін Лондонның Империялық колледжінде ілгеріленген химия өнеркәсібі және мұнай өндіру технологиялары бойынша екі магистр дәрежесін иемденген.

Имер Боннер 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін ТШО-ның өндіріс жөніндегі бас менеджері болып қызмет атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында Алматыдағы Шеврон корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директорының орынбасары болды. Имер Шеврон корпорациясымен Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Таиландта және Қазақстанда техникалық және басқару қызметтерін атқарды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel