RU
Ақтөбеде менингит анықталған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтөбеде менингит анықталған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде №20 мектептің 11-сынып оқушысынан менингит анықталды. Бозбала бір күн бұрын денесі бөртіп, дене температурасы көтеріліп ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: evercare.ru

Көрнекі фото: evercare.ru

Қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатқан жеткіншекпен араласқан оқушылар мен ұстаздар түгел дәрігерлік тексерістен өтуде.

Дәрігерлердің мәлметінше, бозабаланың жағдайы ауыр деп бағалануда.

"Жағдайы ауыр, қалыпты жағдайдағы ауыр болып тұр. Бізге оны жедел жәрдеммен жеткізді. Қатты дене қызуы, бас ауруы мен денесінде бөртпесі болды. "Іріңді менингит" деп отырмыз", - дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.

Ал вирус анықталған мектепте бәріне бетперде кию керегі айтылып, 11 сынып оқушысы оқыған сыныпта карантин жарияланған.

Автор Б. Рахметова

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel