Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов 16 жастан түсік жасату жайлы: Сұрақты маған емес, қоғамға бағыттау керек

Опубликовано:

16 жастан асқан қыз балаға түсік жасатуға рұқсат ету мәселесі халық талқысына түсуі тиіс. Журналистердің сұрағына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осындай ойда деп хабарлайды Астана арнасы.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі: Depositphotos

Біртановтың айтуынша, әзірге 16 жастан асқан қыз балаға түсік жасатуға рұқсат ету туралы заң жобасы жоқ, ұсыныс қана. Дегенмен, министр өзіне жауапкершілік алған 16 жастан асқан қыздардың медициналық көмек алуға құқы бар деп санайды.

Себебі сарапшылар тәрбиеден кеткен қателіктен жасөспірімдер өздеріне қол жұмсап, түсік жасататынын айтқан. Сондықтан, министр сұрақты әр адам өзіне қоюы тиіс деп отыр.  

"Бұл сұрақты маған емес, қоғамға бағыттау керек. Егер, балалар біздің шешімімізсіз жыныстық қатынасқа түсіп жатса, біз оларды қаншалықты дұрыс тәрбиелей алып жатырмыз? Сондықтан, әр адам бұл сұрақты өзіне қоюы тиіс. Мұны талқылау керек", - дейді Елжан Біртанов.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде 16 жастан бастап жасанды түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Автор Г. Меңдеева 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766889-birtanov-16-zastan-tsik-zasatu-zajly-srakty-magan-emes-kogamga-bagyttau-kerek/

pixel