RU
Forbes 2018 жылдың ең ықпалды әйелін атады
Жаңалықтар Әлемде

Forbes 2018 жылдың ең ықпалды әйелін атады

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың қаржы-экономикалық журналы әдетінен жаңылмай 2018 жылдағы ең ықпалды 100 әйелдің рейтингін жариялады. Көшбасында Германия канцлері Ангела Меркель деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 24smi.org

Көрнекі фото: 24smi.org
Source: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, Германияны 2005 жылдан бері басқарып келе жатқан, алайда 2021 жылы сайлауға түспейтін Меркель ықпалды әйелдердің көшбасшысы болып қала бермек.

Екінші орынға Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй жайғасса, үздік үштікті халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард тәмамдаған.

Ал Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 23 орынға табан тіресе, АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы әрі кеңесші Иванка Трамп 24-ші орыннан көрінген.

Сонымен қатар ықпалды 100 әйелдің ішінде әйгілі тележүргізуші Опра Уинфри (20 орын) мен әнші Бейонсе де (50-шы орын) бар.

Айта кетейік, Ангела Меркель 2017 жылы да әлемдегі ең ықпалды әйел атағын иеленген еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel