RU
Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген 16 жастағы оқушы сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда белгілі дәрігердің ұлын өлтірген 16 жастағы оқушы сотталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда жастар арасында туындаған даудың соңы кісі өлімімен аяқталған.Тамыз айында болған жанжалдан танымал дәрігер Шахерезада Ахашеваның 18 жастағы ұлы Жаннұр Байқоныс қаза тауып, 16 жастағы Абылай Әлішев өз кінәсін толық мойындаған болатын. Сот кінәлі жасөспірімді 2,5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасы

Фото: КТК арнасы
Source: Instagram

"Абылай Әлішев қылмыстық кодекстің 106 бабының III бөлігі, яғни "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 55 бабының 2,4 бөлігі басшылыққа алынып, екі жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді", - деді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Диас Махамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға тамыз айында болған еді. Кісі өлімімен аяқталған жанжал жуылмаған ыдыс-аяқтан шыққан.

Ортақ таныстарының үйінде тамақтанған жігіттер мәселені шешуге көшеге шыққанда, төбелес басталады.

Соққыдан жерге құлап, басы бардюрге соғылған Жаннұр Байқоныс тіл тартпай кеткен.

Сіздің реакцияңыз
5
5
2
10
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel