RU
БАҚ: Павлодар әкімдігі 50 миллион теңгеге пәтер сатып алды
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Павлодар әкімдігі 50 миллион теңгеге пәтер сатып алды

Рассказать Вконтакте

Павлодар тұрғындары қала әкімдігінің ақшаны оңды-солды жұмсағанына наразы. Билік өкілдерінің 50 миллионға пәтер алғаны қала тұрғындарын қатты ашуландырған деп хабарлайды 31 арна.

Видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот
Source: Facebook

Дереккөздің мәліметінше, әкімдік жалпы көлемі 200 шаршы метрден асатын екі деңгейлі пәтерді сатып алыпты.

Жылжымайтын мүлік коттедж үйлер салынған аймақта орналасқан екен. Оның құны 50 миллион теңгені құрайтын көрінеді.

Төрт қабаттан тұратын үй қолдануға биыл беріліпті. Жер асты паркингі де бар екен.

Бұл жайт Павлодар жұртшылығының ашуын тудырған.

Қала тұрғындарын әкімдік бұл пәтерлерді "қандай мақсатта алды?" және "пәтер кімге бұйырады?" деген сұрақтар мазалайды.

Жергілікті билік өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel