RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар аймағында аяз күшейіп, жел тұрады

Бүгін, 5 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік аудандарда қар жауып, оңтүстік-шығыста жел тұрады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар аймағында аяз күшейіп, жел тұрады
Көрнекі фото: www.spb.kp.ru: Twitter

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде тұман, батыста көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.  

Алматы облысының кей бөліктерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766924-aua-rajy-bgin-elimizdi-birkatar-ajmagynda-aaz-ksejip-zel-trady.html