RU
Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізушісі төрт бірдей қоршауды бұзды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізушісі төрт бірдей қоршауды бұзды

Рассказать Вконтакте

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында Mercedes-Benz Е-класс көлігі төрт бірдей қоршауды қиратып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыда

Фото: Спутник Қазақстан
Source: Instagram

Куәгерлердің сөзінше, апатқа ұшыраған көлік алдымен Рысқұлов бойымен шығыс бағытта қатты жылдамдықпен зулатып келе жатыпты.

Тілендиев көшесіндегі қиылыстан өте берген кезінде жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлігі бордюрге шығып кетіп, металл қоршаудың төрт бөлігін бұзыпты.

Жол апатынан көлік жүргізушісі зардап шегіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel