RU
Тәуекел Мүсілім мен Дұғалованың қандай байланысы бар екені белгілі болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілім мен Дұғалованың қандай байланысы бар екені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Талай арудың жүрегін жаулаған актер Тәуекел Мүсілім өзінің Жанар Дұғаловамен қарым-қатынасы жайлы мәлім етті деп жазады "Одна история" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім, Жанар Дұғалова. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Тәуекел Мүсілім, Жанар Дұғалова. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Бағдарлама жүргізушісі "Қазақстанның көпшілігі сізді Жанар Дұғаловамен қосты. Сіздердің араларыңызда сезім болды ма?" деп сұрақ қойған.

"Біздің арамызда сезім болмады. Бізде тек жұмыс пен достық бар. Жанарды жеке тұлға ретінде қатты құрметтеймін. Өнерін бағалаймын. Онымен жұмыс істеу өте жақсы.

Бірақ ол барлығының мінсіз болғанын жақсы көреді. Әр ұсаққа мән береді. Меніңше, оған ессіз сүйетін ер адам керек. Оның еркелігін көтере алатын азамат керек.

Мен ондай емеспін. Менің мінезім, болмысым басқа. Онымен отбасылық өмірде жараспайтынымызға сенімдімін", - деді Тәуекел Мүсілім.

Сондай-ақ, актер сүйіктісінің өзінің жұмысына қалай қарайтынын мәлім етті.

"Бұл мәселені талқылап қойғанбыз. Мен оған бұл менің жұмысым екенін түсіндіргенмін. Маған фильм барысында сүйісу керек болса, ол менің жұмысым. Режиссерге барып, мұны істей алмаймын деп айтпаймын. Мұны сүйіктім түсінеді", - деді актер.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Дұғалованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
2
5
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel