RU
Тәуекел Мүсілім ессіз ғашық болған қызымен айырылысып кеткенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілім ессіз ғашық болған қызымен айырылысып кеткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше ай бұрын сүйіктісін жолықтырғанын айтып, барлық жанкүйерлерінен сүйінші сұраған Тәуекел Мүсілім бүгінде ғашығымен айырылысып кеткенін айтты. Бұл туралы отандық актер Мая Бекбаеваның авторлық бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық актер ара-қатынастың үзілуіне сезімнің жетіспеушілігі мен күмәннің болуы әсер еткенін жасырмады.

"Сезімнің жетіспеушілігі десе де болады. Менің бір танысым "Егер сен оның өз адамың екеніне және өз сезімнің мықты екеніне бір пайыз болса да күмән келтірер болсаң, онда жалғастырудың қажеті жоқ екенін айтқан. Мен іштей бір нәрсе жетіспей тұрғанын сездім",- дейді Тәуекел Мүсілім.

Сондай-ақ, актер болашақ жарының қызықты болғанын қалайтынын айтты. Ол өзінің ғашығымен сөйлесіп, түрлі ойларымен бөліскісі келетінін жеткізді.

"Әке-шешемнің ажырасқаны маған қатты әсер етті. Сондықтан мен бұл жағдайдың қайталанғанын қаламаймын. Сол үшін мен өмірлік серігімді таңдағанда ешқашан ажыраспайтын адаммен қосылғым келеді. Әрине, таңдау қиын", -деді отандық актер.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
6
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel