RU
Алаяқ жігітінен жүкті болып қалған өскемендік қыз жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алаяқ жігітінен жүкті болып қалған өскемендік қыз жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласына келген өскемендік қыз алаяқ жігіттің сөзіне алданып, қалай сан соғып қалғанын айтып, жанайқайын жеткізді. Бұл туралы Алаш айнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

panmudak.com

Көрнекі фото:panmudak.com
Source: Facebook

Бойжеткеннің Алматыға келгеніне алты-жеті жыл болыпты. Алматыда оқу бітіріп, жұмысқа орналасқан ол бастапқыда құрбыларымен пәтер жалдап тұрған.

Бірде таксиде бір жігітпен танысып, таныстықтары махаббатқа ұласыпты. Осы кезде пәтер жалдап тұрған құрбылары да тұрмысқа шығып, жан-жаққа кеткен.

Сөйтіп, қазір отбасында қиындықтар бар екенін, бірақ көп ұзамай үйленетіндерін айтқан жігіт бойжеткенге бірге тұруды ұсыныпты.

"Екеуіміз бірге тұра бастадық. Пәтер ақысын мен төледім. Күнделікті тамақты да мен алып жүрдім", - деді бойжеткен.

Ер жігіт қызға қаржылай көмектеспеген. Көп ұзамай жігіті Астанада анасы ауырып жатқанын айтып, ақша сұраған.

Жаны ашыған ақкөңіл қыз ақшаны ойланбастан берген.

Ақшаны алған жігіт телефонын өшіріп, жоқ болып кеткен. Дегенмен біраз уақыттан кейін қайта келіп, қыздан кешірім сұрап, жазда құда түсетінін айтып, екеуі қайта тұра бастаған.

Бірде көлігі бұзылғанын айтып, жігіт бойжеткенге несие алғызыпты.

"Несие алғаннан кейін жігітім мүлде қарасын батырды. Оған хабарлассам тұтқаны көтермейді. Ең сорақысы, ол мені тастап кеткеннен кейін өзімнің жүкті екенімді білдім", - дейді алданған келіншек.

Осылай жігітінің артынан екі ай бойы жүгірген ол енді үмітін үзген екен.

Алаяққа алданған бойжеткеннің әпкесі енді жігітті сотқа беруге ниеттеніп отыр.

Алайда бойжеткеннің өзі не істерін білмей дал болуда.

Сіздің реакцияңыз
12
0
3
9
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel