RU
Тойда жігіттерге орамал таққызып, туфли кигізген асаба елден сөз естіді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Тойда жігіттерге орамал таққызып, туфли кигізген асаба елден сөз естіді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде той үстінде қонақ жігіттерге орамал таққызған асабаның видеосы тарап кетті. Мұны көрген көпшілік "сорақы ойынды" ойлап тапқан той жүргізушісін жерден алып, жерге салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр Instagram/ kazakh.toy

Фото: Видеодан кадр Instagram/ kazakh.toy
Source: Facebook

Бейнежазбада асабаның жігіттерге жасыл орамал таққызып, қолдарына сөмке мен қыздардың биік өкшелі аяқ киімін ұстатқанын аңғаруға болады.

Артынша ол ойынға қатысып жатқан азаматтарға мейрамхана ішінде сән көрсетіп, оператор жігіттің бетінен сүю қажет екенін айтады.

Тойдың қайда және қашан өткені белгісіз.

Аталған видеоны көрген желі қолданушылары асабаны аяусыз сынап тастаған. Олар қазақ жігіттерінің намысын түсірмеу қажеттігін айтыпты.

Сіздің реакцияңыз
11
0
2
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel