RU
"Баланың бетін тілген": Семейде балконнан банка лақтырған әйел сотталды
Жаңалықтар Қоғам

"Баланың бетін тілген": Семейде балконнан банка лақтырған әйел сотталды

Рассказать Вконтакте

Семей қаласының 39 жастағы тұрғыны Наталья Сергеевна 10-шы қабаттың балконына жұмыртқа қабығы салынған ыдысты тазартамын деп, қолындағы банканы төменде отырған баланың басына түсіріп алған. Бұл туралы altaynews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото:sueveriya.ru

Фото: sueveriya.ru
Source: Facebook

Оқиға өткен жылдың жазында болған. Шыны банка төменде отырған баланың басына құлап кетіпті.

Салдарынан тоғыз жастағы баланың жарты беті тілініп, оны тігуге тура келген. Сараптама беттегі тыртықтың жазылмайтынын, денсаулыққа ауыр зиян келгенін көрсеткен.

"Тергеу бір жылға созылды. Тергеу тәжірибесі кезінде құты жерге тоғыз метр 80 сантиметр қашықтыққа жеткендіктен, әдейі лақтырылған деп есептеліп, айыпталушы мұны қасақана істеген деген шешім шығарылды", - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірхан Сейілбаев.

Ескерте кететін жайт, сол күні әйел адам мас болған. Сот үкімі бойынша қылмыстық кодекстің 114 бабы (денсаулыққа абайсызда зиян келтіру) бойынша әйел адам алты айға бас бостандығынан айырылып, 500 мың теңге моральды және 163 мың теңге қаржылай өтемақы төлеуге міндеттелді.

Жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспеді, бірақ аппеляция жөнінде баланың ата-анасы әлі ойланып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel