Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азия" тобының жігіттері өздерін "лақтырып" кеткен Төреғалиге өкпесін айтты

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі "Азия" тобының клипіне кейіпкер болуға уәде беріп, түсірілімге келмей қалған деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі, "Азия" тобы. Фото:livemusical.kz,juldizdar.kz
Төреғали Төреәлі, "Азия" тобы. Фото:livemusical.kz,juldizdar.kz: Instagram

"Азия" тобы жаңа әні арқылы қазіргі жеңіл әндерге қарсылық білдірген.

Аталмыш әнге клип түсіру барысында, эпизодқа түсу идеясын Ұлы дала баласының өзі тастапты.

"Ой салатын қаншама ән жазып жатырмыз. Бірақ олар ғаламторда жоқ. Сосын идея тастадық. Ал әнді Төреғалиге тыңдатқан кезде, "Жігіттер маған келетін жері бар екен. Сол жерін өзім айтайыншы" деген болатын", - деп "Азия" тобы ағынан жарылған.

Айта кетерлігі, "Азия" тобының жаңа туындысы жаңадан шыққан жеңіл әндерге аға буынның қарсылық танытуымен қорытындыланады.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі мен "Азия" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1766994-azia-tobyny-zigitteri-zderin-laktyryp-ketken-tregalige-kpesin-ajtty/

pixel