Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салмағы 133 келі әйел сүйіктісін денесімен тұншықтырып, өлтіріп қойды

Опубликовано:

Америка Құрама Штаттарының тұрғыны Винди Томас өз сүйіктісін тұншықтырып қойғанын мойындады деп хабарлайды zelv.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zelv.ru
Фото: zelv.ru: Instagram

Келіншектің ісіне қатысты сот отырысы Пенсильвания штаты Эри округында өткен.

Наурыз айында 44 жастағы әйел өзімен бірге тұратын сүйіктісі Кино Батлермен ұрысып қалады. Артынша ол азаматты столдың аяғымен соғып, қолын бүктемелі пышақпен ұрғылап тастаған.

Қатты ашуға булыққан Винди кейіннен 57 келі салмағы бар ғашығының үстіне отырып, бетін ішімен жауып қойған екен. Ал келіншекті итеруге шамасы келмеген азамат дем ала алмай, тұншығып қалыпты.

Томастың адовакаты Марк дель Дука өз қорғауындағы азаматша бұл қылмысты әдейі істемегенін айтқан. Оның сөзінше, Винди қатты мас болып, сүйіктісінің үстіне құлап қалған екен.

Ал оянған соң не болғанын түсінбеген әйел тез арада полиция шақыртыпты.

Бұл мәселеде прокурор марқұмның басында пышақтан болған жарақаттар бар екенін көрсеткен.

Сот шешімімен Винди Томасқа үшінші дәрежелі адам өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды.

Енді ол өз тәртібіне қарай 18 жылдан 36 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы үкім желтоқсан айының соңында қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1766996-salmagy-133-keli-jel-sjiktisin-denesimen-tnsyktyryp-ltirip-kojdy/

pixel