RU

Достарымен кездесуге кетіп, оралмады: Семейде екі баланың анасы жоғалып кетті

Семейде жоғалып кеткен 29 жастағы екі баланың анасы Елена Свидидованы үшінші тәулік полицейлер мен волонтерлер іздестіруде. Ол 2 желтоқсан күні достарымен кездесемін деп шығып кеткеннен қайта оралмаған деп хабарлайды Altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Altaynews.kz
фото: Altaynews.kz: Facebook

Еленаның күйеуінің айтуынша, сол күні бәрі автобуспен әжесінің үйіне бара жатқан жолда әйеліне біреу телефон арқылы хабарласқан.

Сөйлесіп болған соң ол: "Бірге оқыған топтастарым кездесуге шақырып жатыр", - деп аялдамадан түсіп қалыпты. Жолдасы болса балаларын алып әрі қарай кеткен.

Сондай-ақ, жұбайы Еленаның үйіне барып киім ауыстырғанын, артық ештеңе алмағанын да айтты.

Кейінірек әйелдің WhatsApp-тағы достарының чатынан бұрынырақ шығып кеткенін, ешқандай кездесу болмағаны анықталған.

Дәл қазір екі баласы бар келіншектің қайда жүргені белгісіз.

Соңғы рет Еленаның үстінде аяғына дейін түсетін қызғылт-сұр түсті күздік куртка мен қызғылт түсті бас киім, сондай-ақ, қою қызыл түсті колготки болған.

фото: Altaynews.kz
фото: Altaynews.kz: Facebook

Елена Свиридованы көрген-білгендер болса 8-474-349-57-17 немесе 102 хабарласуды сұраймыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766997-dostarymen-kezdesuge-ketip-oralmady-semejde-eki-balany-anasy-zogalyp-ketti.html