RU
Алтыншы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Алтыншы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін жағымсыз жайттарға мән бермей, артық дүниелерден құтылған дұрыс. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ алтыншы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

1. Тоқты

Бүгін қанша қуатыңыз тасып тұрса да, жұлдыздар белсенді әрекеттерді кейінге қалдыруға кеңес береді. Әдетте бәрінің көңілінен шығатын мінез-құлқыңыз бүгін басқаларға ұнамай, айналадағылар әрекеттеріңізді дұрыс түсінбеулері мүмкін.

2. Торпақ

Бүгін парасатты және тәртіпті боласыз. Бұл бәріне ұнай қоймады. Мысалы, кейбіреулер сізді іш пыстыратын адам деп санаулары мүмкін. Бірақ ондай жандарға мән бермеңіз. Ең бастысы бүгін сіз қате жібермейсіз.

3. Егіздер

Бүгін басқа адамдардың қиындықтарына сезімтал боласыз. Ең бастысы жанашырлық жағынан шектен шықпаңыз, әйтпесе басқалар мұны өз мүддесіне пайдаланады. Сондықтан жүрегіңізге емес, ақылыңызға құлақ асыңыз.

4. Шаян

Бүгін өзіңізді сенімсіз және жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ өміріңіз өз қолыңызда. Бақытты боламын деп шешсеңіз, дәл солай болады.

5. Арыстан

Бүгін сізді сәттілік күтіп тұр. Неше апталық жұмыстың жемісін жейтін боласыз. Кез келген жағдайда жеңіп шығасыз, бүгін қиындықтар көп болады.

6. Бикеш

Бүгін сіз ұсақ-түйек шаруаларға көп мән бересіз. Егер осы үрдісті жалғастырсаңыз, күнді көңілсіз және абыр-сабырда өткізесіз. Сондықтан қандай жағдай болмасын, асығыстық танытпай, ең маңызды деген шаруаларды бітіріңіз.

7. Таразы

Бүгін өзіңізге есеп беріп, құндылықтарыңызды ой сарасынан өткізесіз. Мұны оңаша қалып істесеңіз, көп нәрсені шеше аласыз. Бірақ өзіңізге басқалардың көңілін аударып, мінез көрсетсеңіз, бастамаңыз сәтсіз аяқталуы мүмкін.

8. Сарышаян

Өзіңізді аямаңыз, жақсы көріңіз. Біреу сізді ренжітсе, ренжіткен адаммен барып сөйлесіңіз. Қиындықтарыңызға басқаларды кінәламаңыз, керісінше мәселенің түптамырын табуға тырысыңыз.

9. Мерген

Бүгін ешкімге наразылығыңызды білдіріп, талап қоймаңыз. Мұндай әрекеттер жақсылыққа апармайды, әсіресе осы бейсенбіде. Сізге көмектесуге ешкім міндетті емес екенін түсінгеніңіз дұрыс болады.

10. Тауешкі

Бүгін өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Басқаларға тіреу болып, адамдардың көңіл күйлерін көтересіз.

11. Суқұйғыш

Көңіл-күйіңіз болмай, күшіңіз сарқылса, өздігінен басылғанын күтпеңіз. Ауа райына қарамастан таза ауаға шығыңыз. Оңаша серуендесеңіз жақсы болады. Қар күреп немесе құстарды тамақтандырыңыз. Бұл жаман ойлардан арылуға көмектеседі.

12. Балықтар

Бүгін қуатыңыз сарқылады, сондықтан өзіңізді жайсыз сезініп, көңіл-күйіңіз жабыраңқы болады. Мүмкіндік болса, үйден шықпағаныңыз абзал. Жұмысқа барғанның өзінде істі аяғына дейін бітіре алмайсыз. Жаңа істерді келесі аптаға қалдырған жөн.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel