RU

Қостанайда басы орындыққа қыстырылып қалған сәбиді арамен кесіп алды

Қостанай қаласының құтқарушылары орындықтың кергісіне басын сұғып алған екі жасар бүлдіршінді құтқарған. Бұл туралы Костанайские новости басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Инна ПЕДАН/kstnews.kz
Фото:Инна ПЕДАН/kstnews.kz: Facebook

Оқиға төртінші желтоқсан күні болған.

Қостанай қаласының Қозыбаева көшесінің тұрғыны құтқарушылар шақырған. Екі жасар бүлдіршін орындықтың кергісіне басын тығып, қайта шығара алмай қалған. Үйдегі әжесі де немересіне көмектесе алмаған екен.

"Бұл біздің тәжірибеміздегі алғашқы жағдай. Бірақ бала кезімізде бәріміз де әртүрлі келесіздіктерге ұшырадық емес пе?", - дейді солтүстік аймақтық төтенше жағдайлар қызметі басшысының орынбасары Сергей Шмидт.

Қыз баланың басын шығару үшін құтқарушылар гидравликалық құрылғыны пайдаланған. Қазір балақайдың жағдайы жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767022-kostanajda-basy-oryndykka-kystyrylyp-kalgan-sbidi-aramen-kesip-aldy.html