RU
Лидия Кәденованың бұрынғы келіні ажырасқан соң психологқа барғанын мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Лидия Кәденованың бұрынғы келіні ажырасқан соң психологқа барғанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Отандық актриса Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың бүгінде бір шаңырақ астында тұрмайтыны баршаға аян. Ал ана атанған соң жұбайымен ажырасуға бел буған Алтынбекова біраз уақыт психологтың көмегіне жүгінгенін айтқан деп хабарлайды kyn.kz.

Фото: alashainasy.kz, yvision.kz / Коллаж NUR.KZ

Фото: alashainasy.kz, yvision.kz / Коллаж NUR.KZ
Source: Facebook

Бүгінде отандық фильмдерде бой көрсетіп, актрисалық қабілетімен танылып жүрген Айым бір жасар ұлын жалғыз тәрбиелеп отыр. Өз кәсібін дөңгелетіп алып кеткен ару күйеуімен ажырасқан соң біраз күйзелісті бастан кешіріпті. Ол тіпті, екі ай бойы психологтың көмегіне де жүгінген екен.

"Ер адамнан түңіліп кетпеу сіздің не себепті ажырасуыңызға да байланысты. Мысалы мен ажырасқаннан кейін екі ай бойы психологтың көмегіне жүгіндім. Тек үшінші айда барып, өз кәсібімді ашуға бел будым. Үйде отырған сайын ашуға беріліп, өзімді жүнжітіп тастайтынымды түсіндім", - дейді ол.

Сондай-ақ, жас актриса айтқанынан қайтпайтын адам екенін, өзін біреудің ренжітуіне жол бермейтінін айтып қалды. Ол ажырасу туралы шешім қабылдағанда ешкімді тыңдамағанын, тек жүрегіне құлақ салғанын атап өтті.

"Ажырасқанда ешқандай да қорқыныш болған жоқ. Мен жас болдым, өзіме сенімді болдым. Олардың кеңесіне қарағанда жүрегімдегі өзімнің ойымды тыңдадым. Жастығымды қор қылмай, оны лайықты деңгейде сүруім керек деп түсіндім. Ешкім де менің басымдағы жағдайды дәл мендей түсіне алмасын білдім. Менің өз басым мен миым бар. Қалай өмір сүргім келсе, солай өмір сүруге құқылымын", - дейді Айым Алтынбекова.

Одан бөлек, бүгінде сән салонын ашқан Айым ажырасқан кезде ата-аналары қарсы болғанын да айтады.

"Әрине, барлық ата-ана сияқты олар да қарсы болды. Ажырасу оңай шаруа емес. Ажырасқаннан кейін жаңа өмір бастаудың өзі ауыр. Адасып жүруден қиыны жоқ. Ерлі-зайыптылар арасында көпшілікке айтуға болмайтын, кешіруге келмейтін дүниелер болады", - деді Айым.

Сіздің реакцияңыз
7
1
2
7
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel