RU
Алматыда элиталық үйлер ауыз судан ажыратылмақ
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда элиталық үйлер ауыз судан ажыратылмақ

Рассказать Вконтакте

Алматыда төленбеген қарыздары үшін элиталық үйлер мен виллаларда су тоқтатылып, кәріз құбырлары жабылады деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Фото: Алматы телеарнасы

Фото: Алматы телеарнасы
Source: Facebook

Оңдасынов көшесіндегі ерекше аулада бақылаушылар бір жылдан астам уақыт бойы су есептегіштердің көрсеткіштерін ала алмаған. Жылжымайтын мүліктің иесі бүгінде шетелде тұрып, жұмыс істейтін болғандықтан, үйінде тек күзетші болыпты.

Алайда ол қызметкерлерді есептегішке жақындатпай қойған екен.

Арада туған даудан кейін ғана бақылаушылар су есептегішінің көрсеткіштерін алған. Бір жылда бұл үйдегі судың пайдаланылуы өте аз деңгейді көрсетіп, 23 мың теңгені құраған екен.

Бұл қаладағы төленбеген қарыздарға қатысты жалғыз оқиға емес. Медеу ауданындағы Юбилейный ықшам ауданында да осыған ұқсас борышкерлердің саны көп.

Фото: Алматы телеарнасы

Фото: Алматы телеарнасы
Source: UGC

Қайсенов көшесіндегі вилланың иесі су және кәріз үшін 57 мың теңге көлеміндегі берешектері туралы хабарламаны бірнеше рет алған. Бүгінде қарыздарын төлемеген үйдің қызметтері өшірілді.

Одан бөлек, Қыз Жібек көшесіндегі үйдің иесі де кәріз құбырынан айырылған. Оның қарызы 170 мың теңгені құрапты.

Сондай-ақ, қазір мамандар Қалалық коммуникацияларға заңсыз қосылуларды тексеріп жатыр.

Алматы қаласы бойынша қалалық су арнасы қызметкерлері мыңнан астам өз еркімен ойылған жерді анықтаған екен. Ал олардың 400-ге жуығы Медеу ауданы аумағында тіркеліпті.

Бүгінде олардың жартысынан көбі келісімшартқа қол қойған екен.

Айта кету керек, жыл басында алматылықтардың су мен кәріз үшін қарыздары 300 млн теңгеден асқан. Ал қазір бұл көрсеткіш 90 млн теңгені құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel