RU

Екінші рет тұрмыс құрғалы жатқан қалыңдық өзіне 47-ші өлшемді аяқ киім іздеуде (фото)

Англияның Шропшир елді мекенінде тұратын Джули Фелто есімді қалыңдық 47 өлшемді аяқ киім іздестіріп жүр деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: The Sun
Фото: The Sun: Facebook

49 жастағы Джули Фелтон фармацевт болып жұмыс істейді. Оның бойы екі метрге жуық. Ал аяғының өлшемі Ұлыбританиядағы кез келген әйелге қарағанда үлкен. Оның айтуынша, үйлену тойына аяқ киім табу үлкен қиындық тудырып жатыр екен.

Джули көбінесе ер азаматтардың аяқ киімін киеді. Оның аяғының өлшемі стандартқа сәйкес келмейді. Аяғының ұзындығы 30,5 см құрайтын Джули өзін рекордшымын деп санайды.

Фото: The Sun
Фото: The Sun: Facebook

Фармацевт осыдан 24 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Ол кезде өзіне туфли табылса да, түсі ұнамай қара түске бояп алған.

Бүгінде Джули екінші рет тұрмысқа шығайын деп жүр. Осы орайда әйел өзіне үйлену тойға арналған туфли іздестіріп жүргенін айтып, елден көмек сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767036-ekinsi-ret-trmys-krgaly-zatkan-kalydyk-zine-47-si-lsemdi-aak-kiim-izdeude-foto.html