RU
Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкердің денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен кәсіпкердің денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік еріктілер бір ай бойы іздеу салынған Кенжебай Алдашевтың денесін тапты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Кенжебай Алдашев. Фото жеке мұрағаттан алынды

Кенжебай Алдашев. Фото жеке мұрағаттан алынды

"Біздің еріктілерден құралған топ жарты сағат бұрын Кенжебай Алдашевтың денесін тапты. Бірден полицияға, туысқандарына хабар бердік. Қазіргі уақытта құзырлы орындар жұмыс істеп жатыр. Біздің топ іздеуді тоқтатқан емес. Жиырма шақты адам күніге кезектесіп шықты. Бүгін үш адам шыққан болатын. Олар жоғалған адам хабарлаған жерді жобалап іздеген. Дене табылды", - деп хабарлайды Екатерина Голатина.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қараша күні Ақтөбе облысында құс фермасы бар кәсіпкердің жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді. Кенжебай Алдашев соңғы рет туысқанынан көмек сұрап хабарласқан.

Туыстары із-түзсіз кеткен жақыны үшін қандай да ақпарат берген адамға 1 млн теңге сыйақы да дайындаған еді.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel