RU
Әлемдегі ең толық жасөспірім 100 келіге арықтады (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Әлемдегі ең толық жасөспірім 100 келіге арықтады (фото)

Рассказать Вконтакте

14 жастағы үндістандық жеткіншек Михир Джаин 100 келіге арықтап кетті. Ол өмірінде алғаш рет кинотеатрға баруға мүмкіндік алған деп хабарлайды Today.kz.

Фото: dailymail.co.uk

Фото: dailymail.co.uk
Source: Facebook

Британиялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ол әлемдегі ең семіз жасөспірім атанған. Оның салмағы 237 келі болған екен.

Бұл жеткіншектің өздігінше қимылдауына кедергі келтіріпті. Ол тіпті, мектепке бара алмай, дос-жарансыз қалған көрінеді.

Медицина қызметкерлері Михирға ешқандай хирургияның қажет емес екенін, тек қана зиянды тағамдар мен тәттілерден, газдалған сусындардын бас тартуды ұсыныпты.

Ал 2018 жылдың сәуір айында ақ халаттылар жеткіншекке ота жасап, өте қатаң диета ұстауды тапсырған екен.

Қазір 14 жастағы Михирдің өмірі күрт өзгерген. Жасөспірім өз отбасымен бірге "Веном" фильмін де тамашалап қайтыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
4
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel