RU
Қытайда үш жасар қыз сүт безінің қатерлі ісігінен аман қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қытайда үш жасар қыз сүт безінің қатерлі ісігінен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Шаньдун провинциясында үш жасар бүлдіршін сүт безінің қатерлі ісігінен аман қалды деп хабарлайды Today.kz.

Көрнекі фото: ru.korupciya.com

Көрнекі фото: ru.korupciya.com
Source: Facebook

Наурыз айында қыздың анасы балақайдың денесінен қызыл жабысқақ сұйықтықтың бөлінгенін байқаған. Артынша ол бүлдіршіннің кеуде қуысына нығыздалған соң келіншек қызын мамандарға көрсетуге бел буған екен.

Дәрігер бұл өзгерістердің ерте жыныстық жетілу екенін айтып, оны тудырған тағамдық қоспалардан бас тартуға кеңес беріпті. Бұл жауапқа қанағаттанбаған әйел басқа ауруханаға баруды жөн көрген.

Ал қайта тексеру барысында үш жасар қыздың сол жақ сүт безінен қатерлі ісік анықталған екен.

Сонымен қатар, балақайда лимфа түйіні ұлғайып кетіпті. Биопсиядан кейін бүлдіршінде кеуде обырының сирек түрі — секреторлы карцинома екені белгілі болған екен.

Қазір бүлдіршінге сәтті ота жаслған. Ал ақ халаттылар қатерлі ісікті ерте анықтап, онымен жылдам күресу нәтижесінде сүт бездерін де сақтап қалғандарын айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel