RU
Шымкентте екі жүзге жуық адамды балмұздақпен улаған кәсіпкер сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте екі жүзге жуық адамды балмұздақпен улаған кәсіпкер сотталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында балмұздақ жасау кезінде санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкер бір жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

рррррр

Көренкі фото: Спутник Қазақстан
Source: Instagram

Аудандық соттың судьясы Талғат Қахаров кәсіпкер Дилмурат Ишмуратовты Қылмыстық кодекстің 304-бабы ("Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан шектеу туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ, кәсіпкер енді 3 жыл бойы қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істей алмайды.

Ол жәбірленушілерге бір жарым миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Сот тергеуі кезінде кәсіпкердің кінәсі дәлелденіп, ол тиісті санитарлық тәртіпті сақтамағанын толық мойындаған.

Естеріңізге сала кетейік, 29 наурыз күні Шымкенттегі "Южный"кафесінің жанында орналасқан дүңгіршектен балмұздақ сатып алған тұрғындар уланып, бір аптаның ішінде 188 адам ауруханаға түскен еді.

Кейіннен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті уланғандардың 31-і сальмонеллёз, 13-і стафилококк инфекциясын жұқтырғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel