RU
Әлихан мен Медина: Астанада сәбилерге жиі қойылатын есімдер белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Әлихан мен Медина: Астанада сәбилерге жиі қойылатын есімдер белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Елордада дүние есігін ашқан сәбилерге жиі қойылатын есімдер белгілі болды. Ұл балалардың арасында Әлихан есімі кеңінен танылса, ал қыздарға Медина деген ат көп таңдалған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

апаппап

Көрнекі фото: Babymir.net
Source: Instagram

Әкімдіктің мәліметінше, қаңтар-қазан айларында Қазақстан астанасында 27 998 бала өмірге келген.

Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болыпты.

Осы жылы 289 ұл баланы – Әлихан, 387 қызды – Медина деп атаған.

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді.

Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel