RU
Көкшетауда 70-тен асқан әжейге қарақшы тапа-тал түсте пышақпен тап берген
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда 70-тен асқан әжейге қарақшы тапа-тал түсте пышақпен тап берген

Рассказать Вконтакте

Көкшетау қаласында зейнетақысын алып шыққан, кейуанаға 36 жастағы қарақшы пышақ тақап, ақшасын тартып алған деп хабарлайды КТК арнасы.

mediananny.com

Көрнекі фото: mediananny.com
Source: Facebook

Түсте жасалған қылмыс бейне бақылау камераларына түсіп қалған.

Кейуана ақшасын банкоматтан алып жатқанда жұбайы дүкенге кеткен екен. Ақшасын тіпті әмиянына салып үлгермеген әйел адам көлігіне отыра бергенде, ер адам машинаның есігін ашып, пышағын тақаған.

Зейнеткердің қолындағы ақшаны жұлып алған ер адам қаша жөнелген. 71 жастағы кейуана соңынан айғайлап жүгірген, алайда ешкім көмекке келмеген.

Дегенмен, ұры алысқа ұзап кете алмаған. Көп ұзамай полицейлер сол маңнан 36 жастағы жігітті құрықтаған. Оның қалтасында пышақ пен зейнеткердің 54 мың теңгесі табылған. Ер адам бұрын да сотталған екен.

"Аяғым ауыратындықтан жүгіре алмадым. Сонымен қатар қолында пышағы болды. Сұмдық жағдай! Ол зейнетақы алатын жерлерді торауылдап жүрген екен ғой. Қандай қорқынышты", - деді Валентина Стублевская.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel