RU
"Кінәлі жазалансын!": Алматы тұрғыны ұлының өліміне полицейді кінәлап отыр
Жаңалықтар Қоғам

"Кінәлі жазалансын!": Алматы тұрғыны ұлының өліміне полицейді кінәлап отыр

Рассказать Вконтакте

Алматы-Бішкек тас жолында бір ай бұрын болған жол-көлік оқиғасында Мәлік Пірәлиев көз жұмған. Пірәлиевтің туыстары апатқа себепші болған Мерседес көлігін полиция қызметкері тізгіздегенін алға тартып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

ustinka.kz

Көрнекі фото: ustinka.kz

Қара жамылған отбасы темір тұлпардың рөлінде болған полиция қызметкері Қарасай аудандық ішкі істер басқармасында істейтінін айтады.

Ұлын жер қойнына тапсырған ана баласының өліміне қатысты кінәлілердің тиісті жазасын алғанын ғана қалайды.

"Ұлым ақылды еді. Бала-шағасын бағып жүрген. Кінәлілер тиісті жазасын алсын. Басқа ештеңе сұрамаймын", - деді көз жасын тыя алмаған Гүлмира Абақова.

Қайғылы оқиға болған күні Мерседес көлігі қалада бір көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Осылайша жүйткіп келе жатқан көлік жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, 29 жастағы Мәлік Пірәлиевтің көлігімен бетпе-бет соқтығысып, Мәліктің көлігінен түк қалмаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жүргізушіні артқы есікті кесіп алуға мәжбүр болған. Ер адам ауруханаға жетпей көз жұмған.

"Тойота көлігін соққанда неге тоқтамаған? Себебі олар ішімдік ішіп алған. Олардың мақсаты облысқа жету еді", - деді Пірәлиевтің жұбайы Эльмира Пірәлиева.

Тәртіп сақшысының жәбірленуші болып шыға келгені қара жамылған отбасының наразылығын тудырған.

"Оның ағасы барлығын сатып алып отыр. Экспертизаны сатып алған. Әлеуметтік желілерде таралған видеоларды өшіртіп тастады. Ол бұрын Алмалыбақтың әкімі болған. Қазір біздің ауыл әкімінің орынбасары. Тергеуге араласып жатыр", - дейді Эльмира Пірәлиева.

Алайда Бірінші Май ауылдық округының әкімінің орынбасары Хизат Молдыбаев өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, інісінің жол апатынан зардап шеккендердің қатарында екенін және оның қызмет кезінде тәртіпсіздік жасамайтынын мәлімдеді.

"Көліктің иесі менен кешірім сұрады. Керісінше, інім жүргізушіні тоқтатпақ болған. Біреудің көлігінің рөліне отырмайды", - деді Хизат Молдыбаев.

Жол ережесін өрескел бұзған Мерседес жүргізушісінің ісі тергеліп жатыр. Алматы облысының полиция департаменті мәліметінше, тәртіп сақшысы Ильзат Әбдіқұловты жәбірленуші.

Ал қара жамылған отбасы болса, "Ильзатты жазаламай қоймаймыз" дейді.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel