RU
Жыраға көміп кеткен: Оңтүстікте жас жігіт көлігін сатамын деп ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жыраға көміп кеткен: Оңтүстікте жас жігіт көлігін сатамын деп ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің 26 жастағы тұрғыны көлік сатамын деп қаза болды. Екі күннен бері іздестіріліп жатқан азаматты Алматы облысының тұрғыны өлтіріп, жыраға көміп кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:www.1obl.ru

Фото:www.1obl.ru
Source: Instagram

Осыдан екі күн бұрын Шымкент қаласының тұрғыны 26 жастағы ұлының жоғалып кеткені айтып, полицияға арызданған.

Полицейлер анықтағандай, жас жігіт жергілікті базарға өзінің "Toyota" автокөлігін сатуға кеткеннен кейін жоғалып кеткен. 

Полиция шымкенттік азаматты өлтірді деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады.

"Іздеудегі жігіттің иномаркасын сатып алмақ болған жергілікті тұрғындардың бірі анықталды. Бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген 36 жастағы ер адам жауап алу кезінде көлік иесін өлтіргенін мойындап, мәйітін көміп тастаған жерді көрсетті", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Жамбыл ауданындағы жыраға көмілген "Тойотаның" бұрынғы иесінің денесі табылып, эксгумация жасалған. Қазір қажетті сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
2
3
5
11
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel