RU
Тойда орындықты "ат" қылған жігіт жұртты күлкіге қарық қылды
Жаңалықтар Қоғам

Тойда орындықты "ат" қылған жігіт жұртты күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Тойда асабаның тапсырмасымен орындықты "ат" қылып мінген жігіт желіде күлкіге қалды. Ер адамның ерсі биі жұрттың қызу талқысына түскен деп жазады kazakh.toy парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: Instagram

Басына ормал тағып, үнді биіне билеген жігіттің әрекетін желідегілердің бірі қолдаса, бірі аяусыз сынға алған.

"Көңілді той ғой", "Керемет", "Тойға барған соң көңілді болғанға не жетсін", "Әлі күнге осындай тойға қатысып көрмеппін", "Жарайсың" деп жазған қолдаушылар.

Ал кей желі қолданушылары "Масқара екен", "Қазіргі уақытта оңған асаба жоқ", "Осы Асабалар елді мазақ қылуды ғана біледі", "Мына жігіттің ісі әрі күлкілі, әрі ашуыңды тудырады", "Ұятын-ай! Асабаның ақ дегені алғыс, қара дегені - қарғыс болып тұр ғой қазір", "Есін жинаған соң, мына биіне өзі де ұялған шығар" деп пікір білдірген.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
15
3
1
0
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel