RU

Әлемдегі ең кәрі блогер 108 жасында қайтыс болды (фото)

Үндістанның Андхра-Пралеш штатының тұрғыны, әлемдегі ең кәрі блогер Мастанамма 108 жасында көз жұмды. Ол екі жыл бұрын YouTube видео хостингінде аспаздық арнасын ашып, тез арада танымалдыққа ие болған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

youtube/Country Foods
Фото: youtube/Country Foods: Facebook

Блогер болу идеясын әжесіне шөбересі мен оның досы ұсынған екен. Арнасында әжей түрлі тағамдарды дайындаудың қарапайым жолдарын көрсететін. Дайын асты ол дәстүрлі банан жапырақтарында ұсынатын.

"Бастапқыда мұны өзіміз үшін түсірдік. Қалада тұратын адамдар тамақ әзірлеудің дәстүрлі жолдарын ұмытып қалады. Ескі дәстүрлерді көрсететін адам іздеп жүргенімде, әжем есіме түсті", - деді шөбересі Лакшман.
youtube/Country Foods
Фото: youtube/Country Foods: Instagram

Мастанамманың 1,2 миллион оқырманы бар, видеолары 200 миллионнан астам рет көрілген.

Бірнеше ай бұрын блогер роликтерін салуды қойған, ал енді оның ауру салдарынан қайтыс болғаны белгілі болған.

youtube/Country Foods
Фото: youtube/Country Foods: Facebook

Жерлеу рәсімі жарияланған видео роликтің астына табынушыларыжылы ілтипаттарын білдірген.

"Мен жыламаймын, себебі ол жақсы жерге кетті. Жаның жәннатқа жетсін, Мастанамма. Мен әрдайым сенің видеоларыға және сенің пәк жаныңа тәнті болатынмын", - деп жазыпты Неха Верма деген табынушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767134-lemdegi-e-kri-bloger-108-zasynda-kajtys-boldy-foto.html