RU
"Сорпагүл: Қазақстандықтар балаларына оғаш есімдерді неліктен қояды?
Жаңалықтар Қоғам

"Сорпагүл: Қазақстандықтар балаларына оғаш есімдерді неліктен қояды?

Рассказать Вконтакте

Меруерт Апрымова қазақстандықтардың балаларына не себепті оғаш есімдер беретініне қатысты пікірін білдірді. Сорпа қайнатып жатқанда толғатса - Сорпагүл, әулетте сегізінші немере қыз болса - Қайтаданқыз, "Меруерт" мейрамханасы үйлену тойға әдемі торт сыйласа, соның құрметіне атайық деп шешеді екен. Бұл туралы comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

comode.kz

Фото: comode.kz
Source: Facebook

Сорпагүлге қатысты хикая өмірден алынған. Меруерттің әпкесі сорпа қайнатып тұрғанында толғағы қысқан екен.

Сөйтіп, аталары осындай есім ұсыныпты, бірақ балаға басқа есім беріліпті. Отбасында әпкелері "бауырсақ немесе қуырдақ пісіріп жатса не болатын еді" деп әлі күнге дейін әзілдейді екен.

Кезінде қазақтарда баланы қырқынан шығарған кезде құлағына есімін сыбырлайтын салт болған. Үйдің үлкені баланы алып, алдымен оң құлағына, сосын сол құлағына есімін айтады.

"Мұның бәрі керемет қой, қарап тұра бергің келеді, бірақ баланың есімін атаған кезде кейде құлап қала жаздайсың", - дейді Меруерт.

Меруерттің құрбысының бұлай жолы болмаған. Қолындағы қалын көрген атасы оны бірден "Қалдыгүл" деп атапты. Қалдыгүл мұны әлі күнге дейін атасының есіне салып отырады екен.

"Бәйтерек" есімін алғаш естігенде "баланың не жазығы бар?" деп ойладым. Бірақ Қалиягүл мен Сардыбай деген есімдері бар ата-әжей басқа қандай ат қойсың?", - деп жазыпты Меруерт.

Есімді өмірлеріндегі бақытты сәтке, қатты ықпал еткен адамға немесе отбасылық жағдайға байланысты қоятындар да бар екен.

Мысалы, көлігінің құрметіне "Трактор" немесе қайта-қайта қыз туылса, "Қайтаданқыз" деп есім қоятындар жоқ емес.

Кейде есім таңдауға бастарын ауыртқылары келмейтін туысқандар да болады. Мысалы, Меруерттің әкесі алыс туыстарының балаларына Темірлан мен Томирис есімдерін бірнеше рет берген.

Меруерттің өзін ата-анасы мейрамханада сыйға тарту етілген торттың құрметіне атаған екен.

"Торт дәмді болды деп үміттенемін. Ата-анам қыз туылса, есімін "Меруерт" деп қоямыз деп шешкен. Өздері әзілқой", - дейді бойжеткен.

Бірақ одан да оғаш есімдер бар екен.

Мысалы, Меруерттің көршілері ұлдарын әйгілі футболшы Рональдоның құрметіне атапты. Тағы бір футбол жанкүйерлерінің отбасында баланың есімі - "Кака" екен.

Мақала авторы өзбек отбасында дүниеге келген "Изабелла" есімді қызды да кездестіріпті.

Далада ойнап жүрген балаларды "Жиренше, Отелло" деп атап шақырғанды да естіген.

Бойжеткеннің ойынша, балаға есім таңдаған кезде отбасы бұл мәселені талқыға салу керек. Сонда болашақта бала туыстарына ренжімейтін болады. Сонда отбасы мүшелері де есімді қалай таңдағандарын естеріне алып отырады.

Өзінің қызын Мерует "Аиша" деп атапты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel