RU
"Кешью"-дің бұрынғы әншісі ажырасқан күйеуі жайлы шындықтың бетін ашты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Кешью"-дің бұрынғы әншісі ажырасқан күйеуі жайлы шындықтың бетін ашты (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Анель Арынова неліктен күйеуінен ажырасып кеткенін мәлім етті. "Кешью" тобының бұрынғы әншісі "Ойбай-Life" бағдарламасында бұрынғы жарымен неліктен отбасы болып кете алмағандарын түсіндірді деп жазады NUR.KZ.

Анель Арынова. Фото:kzgirls2014.blogspot.com

Анель Арынова. Фото:kzgirls2014.blogspot.com
Source: Instagram

Әнші барлық мәселе өзінің жүкті кезінде басталғанын айтты.

"Мен күйеуімнің әлі күнге есеймегенін түсіндім. Ол баланың, отбасының жауапкершілігін, қадірін түсінбеді. Күніне үш мезгіл тамақ дайындап оны күтемін. Алайда ол тамақтанбайды. Үнемі ұйықтап жатады. Кешкі асты атып тұрып, он минутта ішеді де жұмысқа жүгіреді.

Түнде кафеде ән орындап келіп, "Достарым күтіп тұр, 15 минутта келемін" деп жүгіріп кетеді. Алайда оны таңға дейін күтемін. Ол кісі жоқ. Оның үстіне ойын ойнайтын. Мені осы істің бәрі шаршатты", - деп ағынан жарылды Анель Арынова.

Айта кетейік, осыған дейін Анель Арынова әкесінің қиын жағдайға тап болғанын еске алып, көзіне жас алған болатын.

Анель Арынованың сұхбатының толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Анель Арынованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel