Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйлену тойының алдында жоғалған түркістандық қыздан күйеу жігіті бас тартты

Опубликовано:

Түркістан облысында осыдан екі апта бұрын жоғалып, Отар бекетінен табылған қос құрбының бірі тұрмысқа шықпайтын болды. Бойжеткеннің 15 желтоқсанға белгіленген тойы тоқтатылған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Алматы арнасының бейнематериалынан алынған скриншот
Фото: Алматы арнасының бейнематериалынан алынған скриншот: Facebook

1996 жылы туған Ұлжалғас Мұсаева мен 15 желтоқсанға тойы жоспарланған Меруерт Отар стансасынан табылған. Құрбылар ондағы әскери бөлімде аспаз көмекшісі болып жұмысқа орналасқан екен.

Жоғалып кеткен құрбылар туралы ақпарат тараған соң Отардағы жұмыс беруші олардың қол астында аман-есен жұмыс істеп жүргендерін хабарлапты.

Ал арулар бұл істерін үйдегі ұрыс-керіспен байланыстырған екен.

Енді 15 желтоқсанда Меруерттің тойы өтпейтін болды. Жігіттің ата-анасы үйінен қашып кеткен қыздың келін қылудан бас тартқан көрінеді.

Ал NUR.KZ тілшісінің хабарлауынша, құдалар Меруерттің туыстарынан қалың малды қайтаруын талап еткен. Ал бойжеткен жақ қаражаттан қиналып отырған соң кешірім сұрап, қашып кеткен қыздарын қайтадан құдаларға апаруды жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Түркістан облысында 22 жастағы қыздың із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Туыстары арудың құрбысымен кетуі мүмкін деп топшылаған еді. Артынша 10 күн бойы іздестірілген Ұлжалғас пен Меруерт Отар стансасынан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1767154-jlenu-tojyny-aldynda-zogalgan-trkistandyk-kyzdan-kjeu-zigiti-bas-tartty/

pixel