RU
Әпкесінің қайғысына қуанған қалыңдық күйеу жігітінен айырылып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әпкесінің қайғысына қуанған қалыңдық күйеу жігітінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Әпкесінің түсік тастағанына қуанған қалыңдық күйеу жігіт пен отбасының сүйіспеншілігінен айрылды деп жазады lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: AntonioDiaz / Shutterstock

Көрнекі фото: AntonioDiaz / Shutterstock
Source: Depositphotos

Қалыңдықтың оқиғасын тілшілерге үйлену тойдың ұйымдастырушы айтып берген. Оның сөзінше, қыздың үш жыл бала көтере алмай жүрген әпкесі болған.

Бауыры сіңлісінің үйлену тойына жарты жыл қалғанда бала көтерген, содан қалыңдық тез арада қонақтардың тізімінен әпкесін шығарып тастаған, себебі ол "жүктілік кезінде туындайтын қиындықтарға араласуды жөн көрмеген".

Бірнеше айдан соң ұйымдастырушы қалыңдық және оның анасымен тағы да кездескен. Той жөнінде ақылдасып отырғанда әңгімелерін телефон қоңырауы бөліп жіберген.

Анасы кешірім сұрап сыртқа шығып кетіп, ұзақ уақыттан соң ішке жылап кіреді. Сол арада анасы қалыңдықтың әпкесі хабарласқанын, оның түсік тастағанын айтыпты. Ұйымдастырушы болса жұбату үшін не айтарын білмей абдырап қалған.

Ал тынышқты қалыңдықтың : "О жақсы. Енді әпкемнің аяғы ауыр болмаса, менің тойыма келеді деп ойлаймын" деген сөзі бұзған.

Осы сөзден кейін анасы ұйымдастырушыға қатты дауыспен оның қызметіне жүгінбейтінін, қызының үйлену тойын жасап бермейтіндігін жеткізген. Қалыңдық байбаламға түсіп жылаған, бірақ қанша тырысқанымен анасының шешімін өзгерте алмаған.

Ұйымдастырушының айтуынша, арада бір күннен соң күйеу жігіт те хабарласып үйлену тойдың мүлде болмайтындығын ескерткен.

Сіздің реакцияңыз
1
9
6
2
3
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel