RU
БҚО полициясы маңдайшадағы жазуды ауыстыруға 1,7 млн теңге жұмсамақшы
Жаңалықтар Қоғам

БҚО полициясы маңдайшадағы жазуды ауыстыруға 1,7 млн теңге жұмсамақшы

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті атауын өзгертуге бір жарым миллион теңгеден астам ақша жұмсамақ. Мемлекеттік сатып алулар порталында ғимараттың алдыңғы бетіне қойылатын жазу әріптеріне тапсырыс берген лот жарияланған. Бұл туралы Уральская неделя сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

uralskweek.kz

Фото: uralskweek.kz
Source: Facebook

Лот құны - 1,7 миллион теңге. Осы ақша сомасына Орал қаласының Пугачева көшесінде орналасқа Батыс Қазақстанның полиция департаменті ғимаратының маңдайшасындағы жазуды ауыстыруды жоспарланған.

Осы күнге дейін ғимараттың төбесінде "Ішкі істер департаменті" деп жазылып тұрған.

Енді тәртіп сақшылары көлемді алтын түсті әріптермен жазылған "Полиция департаменті" деген жазуға тапсырыс беріп отыр. Әр әріптің биіктігі 1,2 метр екен.

Тендер ойнатылып, тапсырыс ИП Азанғұловқа берілген. Кәсіпкер 1 миллион 89 мың теңгеге жаңа маңдайшаны орнатуға келіскен.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel