RU
Қарағанды облысында психиатриялық есепте тұрған мұғалім колледжде сабақ берген
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында психиатриялық есепте тұрған мұғалім колледжде сабақ берген

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының колледждері мен жоғары оқу орындарын тексерген прокуратура қызметі өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтаған. 74 адам адам жауапқа тартылып, бір қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратура қызметінің сайтында жарияланған деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Көрнекі фото: sputniknews.kz
Source: Depositphotos

Тексеру барысында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылған студенттер саны артық көрсетілетіндігі, оқудан тыс шығындар, сонымен қатар жоғары оқу орнын бітірген студенттерді қабылдау және оқыту кезінде ереже бұзылатындығы анықталған.

Сондай-ақ тексеріс барысында колледждерде психиатриялық есепте тұрған және кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұғушылық қылмысын жасағаны үшін сотты болған екі оқытушы жұмыс істеп жүргені белгілі болған.

Тексеру нәтижесінде мемлекетке 89 миллион теңге қайтарылып, 74 адам жауапқа тартылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel