RU
Ернар Айдар хит әнінің бейнебаянына оқушы қызды түсірді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ернар Айдар хит әнінің бейнебаянына оқушы қызды түсірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ернар Айдар "Жарығым-ай" атты клипінің екінші нұсқасына 10-сынып оқушысын түсірді. Әншінің кәмелетке толмаған бойжеткенмен түсірген бейнебаяны жарыққа шығып, көпшілік туындыны жылы қабылдаған деп жазады NUR.KZ.

Ернар Айдар клипі. Фото: Клиптен кадр, "Айта берсін" бағдарламасынан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Ернар Айдар клипі. Фото: Клиптен кадр, "Айта берсін" бағдарламасынан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Әншінің жаңа клипінің кейіпкері Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 10-сынып оқитынын жасырмай айтып берді.

"Тараз қаласындағы Керімбаев атындағы №12 мектептің 10-сынып оқушысымын. Ата-анам қарсы болған жоқ. Анама "Клипке түсуге шақырып жатыр" деп айттым. Анам мен әкем ақылдасып, жіберді", - деді Әлия Бауыржан "Айта берсін" бағдарламасында.

Сондай-ақ жеткіншектің клипке түскені үшін қанша гонорар алатыны да белгілі болды.

"Басында ыңғайсыз болып жатыр. Барынша өзімді ашық ұстауым керек. Көзіне тік қарау секілді сәттер ыңғайсыздау. Ал гонорар 100 доллар деп келістік", - деді клип кейіпкері.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдардың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel