RU
Ресей шекарашылары Тәжікстан мигранттарын сақалын қыруға мәжбүрлеген
Жаңалықтар Әлемде

Ресей шекарашылары Тәжікстан мигранттарын сақалын қыруға мәжбүрлеген

Рассказать Вконтакте

Тәжікстан мигранттары Ресей-Қазақстан шекарасынан өткен кезде, ресейлік шекарашылар оларды сақалдарын алып тастауға мәжбүрлеген. Бұл туралы Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

iphones.ru

Фото: iphones.ru
Source: Twitter

Ресейде жұмыс істеп, күнелтіп жүрген Тәжікстан мигранттары сол елде қалу мерзімін ұзарту үшін үш ай сайын шекара асып отырады. Көбінесе олар Украина мен Қазақстан аумағына өтеді екен.

Тәжікстан азаматы Зухуриддин Гиесов бірнеше күн бұрын Ресей-Қазақстан шекарасынан өткен кезде ресейлік шекарашылар одан және қасындағы жерлестерінен сақалдарын алуды талап еткен.

"Тексеру-өткізу пунктіне 300 метр қалған кезде такси жүргізушісі: "шаштаразға кіріп, сақалдарыңды алғызып тастаңдар", - деді. Шекарашылардың мына түрімізбен бізді өткізбейтіндерін айтты. Біз оның сөзіне құлақ аспадық", - деді Зухуриддин Гиесов.

Алайда Қазақстан шекарасындағы Орынбор облысының Маштаково өткізу-тексеру бекетінде шекарашылар ер адамдарды қолдарына ұстара ұстатып, сақалдарын алып тастауларын талап еткен.

Тәжікстан азаматтары дәретханаға барып, қырынып келіпті.

"Шекарашылар бізге ештеңе айтпады. Бұл ереже ме, әлде бұйрық па, ешкім түсіндірмеді. Қырынғаннан кейін ғана бізге шекарадан өтуге рұқсат етті", - деді Гиесов.

Осы шекара бекеті арқылы тәжік мигранттарының басым бөлігі өтетіндіктен, шекарашылар олардың тұлғаларын анықтау үшін қырынуларын талап етеді екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel