RU
Алматының қақ ортасында Сталиннің ескерткіші пайда болды

Алматының қақ ортасында Сталиннің ескерткіші пайда болды

Рассказать Вконтакте

Алматының қақ ортасында Иосиф Сталиннің ескерткішін суретке түсіріп алды. Ескерткіш Гете көшесінің бойында, "Колоесс" Мәдениет үйінің маңына қойылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сталин. Фото: Pikabu.ru

Сталин. Фото: Pikabu.ru

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткіш түнгі уақытта қойылған.

5 желтоқсанда ол көшеде ескерткіш болмапты.

Алматы қалалық Түрксіб аудандық әкімдігінің өкілдері ескерткіштің уақытша орнатылғанын және оның фильм декорациясы екенін хабарлады.

"Эвакуация" фильмін "Қазақфильм" түсіріп жатыр. Режиссер Фархад Шарипов 1941 жылы Алма-Атаға эвакуацияланғандар жайлы фильм таспалауда. Пенопласттан жасалған ескерткіш 7 желтоқсанда сағат 12.00-де алып тасталады", - деді әкімдіктегілер.
Сіздің реакцияңыз
13
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel