RU
"Өзімді өлтіремін": Мәскеуде мектеп оқушысы кабинеттен шықпай қойған
Жаңалықтар Қоғам

"Өзімді өлтіремін": Мәскеуде мектеп оқушысы кабинеттен шықпай қойған

Рассказать Вконтакте

Ресей астанасында 16 жастағы жеткіншек Жулебиндегі №1359 мектепке пышақпен келген. Кабинетті ішінен бекітіп алған оқушы өзін өлтіремін деп қорқытуда. Оқиға орнынан алғашқы фото пайда болды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: VK.com/Жулебино

Фото: VK.com/Жулебино
Source: Facebook

Оқушының анасы ересек ұлы білім алатын мектепке келіпті. Бірақ оқушы анасымен тілдеспей қойған.

Әйел адам кабинетке кіруге талпынса да, оған наразы болған баласы өзін өлтіремін деп қорқытқандығы хабарланды.
Фото: VK.com/Жулебино

Фото: VK.com/Жулебино
Source: Facebook

Ішінен құлыптанған кабинетте оқушы бірнеше сағат бойы тапжылмай отыр екен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жеткіншекті көндіру ісі жалғасын тауып жатыр. Барлық оқушылар эвакуацияланған.

Кейінірек жеткіншектің анасы және құқық қорғау органында қызмет атқаратын өгей әкесімен тұратындығы белгілі боды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel