RU
Үндістандық актриса өзінен 11 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Үндістандық актриса өзінен 11 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Болливудтың танымал актрисасы Приянка Чопра өзінен 11 жас кіші америкалық әнші Ник Джонасқа тұрмысқа шықты деп хабарлайды bbc.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үндістандық 36 жастағы актриса тойына 23 метрлік фатасы бар ақ көйлек киген.

Мұны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады.

Актриса 25 жастағы америкалық әнші Ник Джонаспен 2017 жылдан бастап кездесіп жүрген.

Айта кететіні, олардың тойлары үш күнге созылыпты. Тіпті жас жұбайлар үндістандық салтпен де некесін қидырған.

Естеріңізге сала кетейік, Приянка Чопра 2000 жылы "Әлем аруы" атанған.

Бүгінге дейін ол 50-ге тарта үнді фильмдеріне түскен.

Сондай-ақ, Приянка Чопра - Болливудтағы гонорары ең жоғары актрисалардың бірі.

Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
4
38
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel